• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2010

ЫҚПАЛДАСТЫҚҚА ЫҚЫЛАСТЫ КЕЗДЕСУЛЕР

462 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов “Іnternatіonal Gerald Trіbu­ne” халықаралық беделді басылымы ұйымдастырған 4-ші Қазақ­стан­дық инвестициялық саммит жұмысы шеңберінде ірі-ірі халықаралық компаниялардың өкілдерімен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. К.Мәсімовтің “RBS” тобы ат­қа­рушы және басқарушы комитетінің мүшесі Марко Мадзщучелли бас­та­ған “Royal Bank of Scotland” өкіл­дерімен болған кездесуінде қаржы саласындағы қызметтестік мәсел­е­лері талқыланды. Қазақстан Үкіметі басшысының Еуразия Қайта құру және даму банкінің президенті Томас Ми­роу­мен кездесуі барысында халық­ара­лық даму институтының Қазақ­стан­мен қызметтестігін одан әрі дамыту жоспарлары әңгіме болды. Ал К.Мәсімовтің “Патентес Тальго С.Л.” компаниясының пре­зиденті Карлос де Паласиомен, “Трансмашхолдинг” ААҚ басшысы Андрей Бокаревпен, сондай-ақ “Альстом Транспорт” компания­сы­ның басшысы Филипп Милльемен болған кездесулерінде көлік мә­ши­не­лерін жасау саласындағы қыз­мет­тестікті дамыту мәселелері тал­қыланды. “Камеко” корпорациясының бас директоры Джеральд Уэйнмен кездесу барысында атом өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріп­тес­тік мәселелері әңгіме арқауына айналды. Премьер-Министрдің “HSBC Bank Pls” халықаралық банк то­бы­ның бас басқарушысы Зарир Кама­мен және “JP Norgan” инвести­циялық банкінің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Робин Ренвикпен кездесуі кезінде қаржы саласындағы қызметтестікті одан әрі дамыта түсу тақырыбы сөз болды. Кәрім Мәсімовтің “ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд” президенті Андрей Кузнецовпен, “Эксон­Мобил” корпорациясының аға вице-президенті Марк Алберспен, “Шелл” компаниясының атқару комитетінің мүшесі, жобалар мен технологиялар жөніндегі атқарушы директоры Матиас Бихселмен, “КонокоФиллипс” компания­сы­ның президенті және  бас опе­ра­циялық директоры Джон Керриг­пен, сол сияқты “Тоталь” ком­па­ниясының атқарушы вице-президенті Ив-Луи Даррикарэрмен бол­ған жекелеген кездесулері бары­сын­да ұлттық экономиканың энер­гетикалық секторындағы қызмет­тестік мәселелері талқыланды. Қазақстан Үкіметі басшысының италиялық “Финмекканика” мә­ши­не жасау компаниясының төр­ағасы және бас атқарушы дирек­торы Пьер Франческо Гуаргалини­мен арадағы кездесуінде осы ел ком­паниясы қызметінің перспек­тивалары әңгіме өзегіне айналды. “Кредит Суисс” банктің Ор­та­лық және Шығыс Еуропа, бұрынғы Кеңес Одағы, Израиль және Түр­кия елдері бойынша инвести­ция­лық-банктік қызмет жөніндегі бас директоры Вадим Бенятовпен Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық да­мы­ту жөніндегі мемлекеттік бағ­дарлама шеңберіндегі қызметтестік мәселелері талқыланды. Ал елдің телекоммунициялық рыногын дамыту мүмкіндіктері К.Мәсімовтің “TelіaSonera” ком­паниясының бас атқарушы дирек­торы Ларс Нибергпен арадағы әңгіме тақырыбына айналды.