Абай облысы Көкпекті ауданындағы қамыс өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкпекті ауданындағы қамыс өрті бүгін сағат 7:15-те сөндірілді. Өртті сөндіруге Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілері қатысты.
Еске сала кетейік, 3 шілде күні Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өрті тіркелген еді. Тілсіз жау 4 шілде сағат 19:00-де оқшауланды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өртенген учаскенің ауданы шамамен 910 га құрады.