• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Шілде, 2023

ТЖМ найзағайға байланысты алматылықтарға үндеу жасады

329 рет
көрсетілді

Алматы тұрғындарына 2023 жылдың 6 шілдесінде күн күркіреп, жел күшейетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz  қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда найзағай ойнап, жел күшейеді. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жететіні атап өтілді.

Бұған дейін метеорологтар мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Сонымен қатар 6-7 шілдеде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.