«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды. Болжамы бойынша Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл соғады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі.
Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Болжам бойынша Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.