«Қазгидромет» РМК 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде тұрақсыз ауа райының сипаты сақталады.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады», деп хабарлады синоптиктер.
Республика бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.