Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.
Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.