• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Құқық 09 Шілде, 2023

«Қауіпсіз қала» жобасы

232 рет
көрсетілді

«Қауіпсіз қала» жобасы­ Қарағанды облысына­ қарасты Қарағанды, Темір­тау, Саран қалалары мен Осакаров кентінде 2021 жылдың қазан айы­нан бері қолға алынып келеді. Жоба аясын­да елді мекендерде 2726 бейне­ба­қылау камерасы орнатылып, жол қозғалысы ереже­лерін бұзу жағдай­ла­рын тіркейтін 86 кешен іске қосылды.

Қылмыс пен құқық бұзу­шы­лықтың алдын алуда бейне­ба­қы­лау камераларының көмегі өте зор. Бұл құрылғылар – жол ин­фра­құрылымының бақылауда тұр­ғанын ескертетін бірден-бір құрал. «Адамдар өз іс-әрекет­те­рінің камераға жазылатынын білген жағдайда заңға еріксіз бағынады. Бұл қылмыстың алдын алып, қала қауіпсіздігінің жақсаруына мұрындық болады», дейді мамандар.

Бейнебақылау камералары­ жыл­дамдықты арттыру, бағдар­шам­ның қызыл түсіне өту секіл­ді­ бірқатар ереже бұзу­шылықты дер­ кезінде анықтай алады. Қала­ның бақылау аума­ғында авто­көлік трафигін тіркеу­ге­ және жыл­дамд­ық режі­мі­­­нің бұзылу белгі­лері мен оқиға­лар­ды анықтауға арналған 70 ап­па­­рат­тық-бағ­дар­­ламалық ке­­шен­ бар. Сон­дай­-ақ жол қиылы­сын­дағы бағдаршамның тыйым салу сигналына өту мен тоқтау сы­зығына шығу ереже­лерін бұ­зу оқиғаларын анық­тау­ға арнал­ған­ 16 кешен жұмыс істей­ді.

Бақылау камералары көлік қозғалысы, қозғалыс тәртібі және жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысы туралы дерек­терді үлкен көлемде жинауға мүмкіндік береді. Бұл деректерді қалалық инфрақұрылымды талдау және жоспарлау үшін пайда­лануға болады. Осы орайда жақында Абай, Шахтинск қалалары мен Шахан, Долинка және Северо-Западный кент­теріндегі бейнебақылау камералары бірыңғай қала­лық бейнебақылау жүйесіне бірік­­­­ті­рілді. Деректерге сүйен­сек,­ облысқа қарасты қалаларда биыл­ғы 5 айда жол-көлік оқи­ға­лары саны 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,2 пайызға төмендеген.

«Жол бойындағы бейне­ба­қы­­лау камералары қалаларды қауіпсіз ортаға айналдыру үшін маңызды рөл атқарады. Бұл құрылғылардың саны мейлінше артқан сайын құқық бұзушылықтар қатары да азая бермек. Бұл ел тұрғындарының өмірі мен дүние-мүлкінің аман­ды­ғы үшін қажет дүние», дейді жол сақшылары.