Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыста алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары», «Бір ауыл–бір өнім» байқауының өңірлік көрме-байқауы өтті.
Көрме-байқауға 60-тан аса жергілікті өнім өндіруші әртүрлі өнім түрлерін ұсынды. Олардың арасында өз істерін енді ғана бастаған жас кәсіпкерлер де болды. Әрине, байқау болғасын оның қорытындысы шығуы заңдылық. «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша «Алтын Ана» ЖК, «Ютария» өндірістік инновациялық компаниясы ЖШС және «Қосай KZ» ЖШС үздік деп танылса, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Гелисханова Л.М.» ЖК, «Стивал Ман» ЖШС және «АРША» ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында – «Үлкен Отбасы» ЖШС, «Самади 2030» ЖШС және ««Ұлытау-Нан» ЖШС жеңімпаз болды. Енді аймақтық байқаудың жеңімпаздары Астанада өтетін «Қазақстанның Үздік тауары» республикалық байқауына қатысады.
Ұлытау облысы