
Өшпес даңқ • 07 Ақпан, 2025
Мәкен Төрегелдиннің есімі Ұлытау аймағына жақсы таныс. Оны 16 жасында Қаныш Сәтбаев өзі басқаратын геологиялық барлау партиясына коллектор етіп жұмысқа қабылдайды. Соғыс басталғанда еріктілер қатарында майданға аттанып, Сталинградты жаудан азат етуге қатысады. Жауынгерлік ерлігі үшін I, II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталып, еліне аман-есен оралған.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2025
Еңбек адамдары – қоғамның негізі. Күн-түн демей, қырық құбылған ауа райына қарамай, қара жұмысымен айналысып, қажыр-қайрат танытып жүрген қарапайым жұмысшыларды бағалаудың, дәріптеудің мән-маңызы ерекше.
Өндіріс • 23 Қаңтар, 2025
Сәуле Шәуенова 2002 жылы кәсіпкерлікке аяқ басқан кезде тігінші де, тәжірибе де тапшы еді. Бірақ «Ютария» тігін цехы сол тұста әлі ешкім қолға ала қоймаған жұмыс киімдерін тігу бағытын ұстанды. Екіншіден, кірлеген киімдерді жуу, химиялық тазалау, бүлінген тұстарын қалпына келтіру тәрізді қызметтерді қоса ұсынды. Бұл қызметтерге ең алдымен «Қазақмыс» корпорациясы қызығушылық танытты. Өйткені цехтың ұсыныстары кен қазған кеншілерге де, сол кенді байытушыларға да, балқытушыларға да тиімді еді. Қызметтің мұндай тиімді түрлері тапсырысты күрт арттырды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Боранда 500 көлікке жол көрсеткен полицей марапатқа ұсынылды
Ақтүтек бораннан Жезқазған-Сәтбаев аралығындағы жол қатынасы қиындап кеткен кезде МАИ-дың 10 көлігі, 20 қызметкері жол бойындағы көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 17 Қаңтар, 2025
Сәтбаев қаласында «Еңбекке –Құрмет» акциясы басталды
Ел Президенті биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл - қарапайым еңбек адамдарын мадақтап, марапаттау ғана емес, оларға барынша көңіл бөлу, құрмет таныту.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Сәтбаевта 900 бала балабақша кезегінде тұр
Бұл мәселені шешуге облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасындағы Меморандумның да шапағаты тие бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маман • 14 Қаңтар, 2025
Өндірісте – озат, өнерде – үздік
Қанат Мусин Жезқазған байыту фабрикасының шаң тұтқыш қондырғыларын тазалау және орнату цехының слесарі болып еңбек етеді. 2013 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмәмдаған оның байыту фабрикасына келіп, жұмысшы мамандығын иегеремін деген ойы болған да емес.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025
Елімізде қабылданған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы бойынша Жезқазған қаласында алғашқы жоба жүзеге асты. «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-на қарасты жылу-электр орталығында жетілдірілген үлгідегі технологиямен жабдықталып, жаңартылған №8 қазандық іске қосылды.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Аз да, көп те деп айтуға болмас, келер көктемде, Орынбасар әже Құдай қаласа, 90 жасқа толады екен. Көпті көргені рас. Замандастары тәрізді ерте есейгендердің бірі болды. Бес-алты жасында әкесінің қасында жүріп, егін жинауға көмектесті. Бүгінгілерді сендіру қиын болса да, өмірдің ақиқаты сондай еді. Он бес-он алтыға келгенде, «Артельге» ресми түрде «Тігіншінің үйренушісі» болып жұмысқа орналасты. Содан қашан заңды еңбек демалысына шыққанша тыным тапқан жоқ.
Форум • 24 Желтоқсан, 2024
«Ауыл» партиясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган – республикалық «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының, партияның облыстық филиалының ұйытқы болуымен «Жаңа Қазақстанның жасампаз әйелдері» тақырыбында Ұлытау облысының әйелдер форумы өтті.