Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
216 материал табылды

Энергетика • 26 Шілде, 2024

Жасыл энергия жақындап келеді

Баламалы энергия көздеріне деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Энергияға қоса экология мәселелерін шешуге де қабілетті жоба Ұлытау облысында қарқынды дами түсті. Қазір облыс бойынша бұл бағыттағы бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Таза Қазақстан» • 24 Шілде, 2024

Тазалық қоқыс тасталмаған жерде болады

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысының қалалары мен аудандарында экологиялық іс-шаралар өтіп, өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға зор үлес қосты. 

Еңбек • 20 Шілде, 2024

Атадан қалған жақсы жол

Қазақтың алғашқы металлургтері ұлт өндірісінің қара ­ша­ңырағы – Қарсақбайда өсіп, жетілді. Солардың бірі Қойшы­бек Доспанов еді. Ол кісі туралы «еді» деп сөйлеуге мәж­бүр­міз. Өйт­кені ол 2017 жылы 89 жасында бақилық болды. Бірақ со­ңына жақсы жол, өшпес із қалдырып кетті. «Адам ұрпа­ғы­­мен мың жасайды» депті Лұқпан хакім. Әрине, саналы ұр­па­ғы болса...

Қоғам • 20 Шілде, 2024

Немеренің құдіреті

Қазір баяғыдай емес, ащы су ішетіндер ана­ғұрлым азайды. Біреу рөлде екенін сылтау­ра­тып ішпейді, енді бі­реулер дәрі-дәрмектің кү­шіне мойынсұнған, ал, келесілерін психологтер кодтап тастаса, енді бір бөлігі дін жолына түс­кендіктен шайтансуға жоламайды. Мейлі, қалай болса да, адамдардың арақ ішпегендері дұрыс-ақ.

Экология • 18 Шілде, 2024

Апта сайын сенбілік

Сәуірдің алғашқы күндерінен бастау алған айналаны абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары Ұлытау облысында одан әрі жалғасып жатыр. Мұнда облыстың елді мекендерінде атқарылуға тиіс іс-шаралар нақтыланып, бекітілген. Ауқымды шаруаны атқарып шығу айтар ауызға ғана оңай. Әйтпесе, қыруар істің қисынын табу, орайын келтіру біраз күш-жігерді талап етеді.

Аймақтар • 17 Шілде, 2024

Ебін тап та, ешкі бақ!

Жезқазғанның шеткері жағында ешкі сауып, сүтін сатып отыр­ған отбасы туралы естігенде елең ете қалдық. Өйтпегенде ше? Қазір қала түгілі ауылдың өзінде «білегіне шелегін іліп, қора жаққа сауынға баратын келін-кепшік сиреп барады» дегенді жиі еститін бол­дық. «Қа­лада тұрып, ешкі сауып жүргені рас па екен?». Көңі­ліміз­дегі күмәнді серпіл­ту мақсатымен жолға шық­тық.

Жәдігер • 13 Шілде, 2024

Маясар ақынның домбырасы

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің жә­дігерлері қатарында халық ақы­ны Маясар Жапақовтың да домбырасы сақтаулы тұр.

Қоғам • 12 Шілде, 2024

Көңіл көзіндегі кіреуке

Бала кезінен жанарының кемістігі бар еді, мектеп бітіретін жылы қатарластарымен шекісіп қалғанда, басынан ауыр соққы тиіп, жарық дүниенің жылт еткен жарығына мүлдем зәру болып қалды. Биыл оның темір торға қамалғанына алтыншы жылға аяқ басып барады. Жанарының семіп қалғаны емес, көңіл көзіндегі кіреукенің кесірінен ол осындай жағдайға тап болды.

Аймақтар • 12 Шілде, 2024

«Ауыл аманатының» жәрдемі

Несие десе көпшіліктің тіксініп қалатыны рас. Бірақ ауыл тұрғындарына арналған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін берілетін шағын несиелер өзінің тиімділігін көрсетіп келеді.

Оқиға • 09 Шілде, 2024

Президент кеңесшісі Ұлытау облысында болды

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ұлытау облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Алғашқы кездесу облыстың имамдарымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.