Қоғам • 13 Қараша, 2024
Алимент төлеуден жалтарып, бас бостандығынан айрылды
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-ның 139-бабымен айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Желбірейді көк байрақ Ұлытаудың төрінде
Тұңғыш Ұлттық құрылтай 2022 жылы 16 маусымда Ұлытауда өткені мәлім. Көптеген ой ортаға түсіп, ұсыныстар айтылған сол бір келелі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы Ұлытауда Рәміздер алаңын салу туралы бастама көтерді.
Сұхбат • 14 Тамыз, 2024
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: Экономиканы әртараптандыруға басымдық береміз
Ұлытау облысының құрылғанына үш жылға аяқ басты. Өңірдегі экономикалық даму қандай деңгейде? Іркілістер мен ілкімді істер туралы аймақ басшысы не дейді? Осы орайда Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫМЕН сұхбаттастық.
Мирас • 30 Сәуір, 2024
Ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы 1926–1941 жылдары Қарсақбайда тұрып, жұмыс істегені баршаға мәлім. Қарсақбай кезеңінде Қанекең отбасы тұрған кезде үйдің бір жағында орналасса, екінші жағында Қазақстанда тұңғыш ұйымдастырылған стационарлық барлау мекемесі жұмыс істепті. Қарсақбайлықтар 1941 жылы 21 маусымда ғалымды Алматыға құрметпен шығарып салған.
Тұлға • 02 Сәуір, 2024
«Қаныш асқан ғалым еді. Бұған қоса жан дүниесі бай адам болатын. Кейбір ғалымдар өз саласын ғана жете біліп, өзге дүниеден азғантай мағлұматтармен жүре береді ғой. Ал Қаныш олай емес еді. Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін, өнердің сан-саласына ой жіберіп, жақсы пікірлер айтып отыратын». Классик жазушы Сәбит Мұқанов академик Қаныш Сәтбаевты осылайша бағалаған екен. Шынында да, ұлы ғалымның араласпаған саласы жоқ екені белгілі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Ұлытау өңіріндегі су тасқыны наурыздың 25-нен бастап күрделене бастады. Облыс аумағында автожолдардың шайылуының 2 фактісі, су тасуының 11 фактісі тіркелді. Қазірге дейін 66 тұрғын үй (Жаңаарқа ауданы – 38, Ұлытау ауданы – 28), 7 аула (Жаңаарқа ауданы), 9 қыстақ (Ұлытау ауданы – 6, Жаңаарқа ауданы – 3) су астында қалды. 135 адам, оның ішінде 61 бала эвакуацияланды. 349 бас сиыр, 858 бас қой-ешкі және 17 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.
Өнер • 06 Наурыз, 2024
Ұлытау театрының маңдайалды актері
Өнерге әркім әрқалай жолмен келеді. Біреу жастайынан арман етеді, енді біріне туған-туыс, нағашы-жұрағаттың ықпалы тиіп жатады. Ал Қазақстанның халық әртісі, белгілі театр және кино актері Досжан Жанботаевтың жөні бөлек. Ол ешқашан актер боламын деп ойлаған да емес.
Баға • 22 Ақпан, 2024
Қымбатшылық қос өкпеден қысып тұрған уақытта негізгі азық-түлік өнімдері бағасының жөн-жосықсыз көтеріліп кетпеуіне жол бермеу аса маңызды. Жыл басынан бері облыста бірқатар өнім түрі бойынша бағаның төмендегені байқалған.
Энергетика • 05 Ақпан, 2024
Бір уақытта «Бүкіл елді электрлендірсек, коммунизм дегеніміз – сол» дейтін едік. Обалы нешік, малшылардың алыс қыстақтарына дейін жоғары кернеулі электр желілері тартылғанын көргенде, коммунизм төбенің арғы сайына жетіп қалғандай әсерге бөленгеніміз өтірік емес. Бұл – өткеннің әңгімесі, ал қазіргі күйіміз қандай?
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Кешегі күннің бірден-бір байланыс саласы болған пошта қызметіне бүгінде көптің көңілі тола бермейді. Мұны біз баспасөзге жазылу науқаны кезінде қаттырақ сезіндік. Өйткені еліміздің басқа өңірлері тәрізді емес, Ұлытау облысында «Қазпошта» әлі де байланыс саласындағы монополистік сипатын жоғалта қойған жоқ. Қаласақ та, қаламасақ та «Қазпошта» қызметін пайдалануға мәжбүрміз.