– Қазандықты жаңғырту жұмысы 2021 жылғы ақпан айында басталған еді. Мұнда толығымен заманауи құрал-жабдықтар орнатылды. Озық технологиялардың арқасында қазандықтың қуаты артты, сағатына 220 тонна бу өндіруге, электр қуаты өндірісін 40 мегаватқа арттыруға мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде қаладағы жылу жүйесінің жалпы жағдайын да жақсартады, – дейді Жезқазған жылу электр орталығының директоры Ермек Жұмаханов.
Жобаның жалпы құны 8,8 млрд теңге құрады. Жаңартылған қазандық қаладағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселесінде сенімділікті арттырды.
ЖЕЗҚАЗҒАН