Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025

Боранда 500 көлікке жол көрсеткен полицей марапатқа ұсынылды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтүтек бораннан Жезқазған-Сәтбаев аралығындағы жол қатынасы қиындап кеткен кезде МАИ-дың 10 көлігі, 20 қызметкері жол бойындағы көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.

Боранда 500 көлікке жол көрсеткен полицей марапатқа ұсынылды

Түскі сағат 14.00-16.00 аралығында 500-ден аса көлікке көмек көрсетілді. Боран күшейіп, көлікпен жол көрсету мүмкін болмай қалған шақта Ұлытау облысы полиция департаментінің Патрулдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Әбдібек Дархан Сәндібекұлы тың шешім қабылдады.

Ол қызмет көлігінен шығып, кептеліп тұрған көліктердің алдына түсіп, жаяу жүріп жол бастады. Соның арқасында көліктер жол бойында тұрып қалған жоқ. Жол инспекторының бұл әрекетіне жолаушылар өте риза болысты. Олар қазір Дарханды марапаттау туралы жоғары басшылыққа ұсыныс білдіріп жатыр. Ол мемлекеттік автоинспекция жүйесінде 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді екен.

«Кешегі боран сондай қатты болды. Адамдар қанша ескерту жасалғанына қарамастан жолға шығып кетеді. Ал, қандай жағдай болса да оларға көмектесуге міндеттіміз. Мен сол міндетімді орындадым», дейді Д. Әбдібек.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше