Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025

Сәтбаевта 900 бала балабақша кезегінде тұр

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл мәселені шешуге облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасындағы Меморандумның да шапағаты тие бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сәтбаевта 900 бала балабақша кезегінде тұр

Кеншілер қаласындағы 320 орындық «Ақбота» балабақшасы 1994 жылы пайдалануға берілген еді. Төбеден су аққан, еденнен жел уілдеген күндер енді кейін қалды. «Қазақмыс»  967 млн теңге бөліп, жөндеуден соң жайнатып жіберді. Мұнда корпорация тек ғимаратқа жөндеу жұмыстарын ғана жүргізіп қойған жоқ, балабақшаға монтессори, тұз шахтасы мен денешынықтыру және музыка бөлмелерін тарту етті. Балабақшаның бүкіл жабдықтарын да жаңалап берді.

«Ақботаның» балаларға есігін қайтадан айқара ашқан салтанатына Сәтбаев қаласының әкімі М.Бөрібаев, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Н.Нүриев қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше