• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Шілде, 2023

«PetroRetail» ЖШС активтерін сатуға байланысты ақпарат

277 рет
көрсетілді

«PetroRetail» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан, бұрын консервацияланған 28 жанар-жағар май құю стансасы мен 2 жол бойындағы кемпингті қамтитын активтерді сататынын хабарлайды.

Бұл шешім Серіктестік объектілерін қайта құрылымдау және оңтайландыру аясында қабылданды.

Серіктестік мүдделі тұлғаларды krisha.kz сайтында, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде, сондай-ақ Серіктестіктің өз сайты qazaqoil.kz-де сатуға арналған активтердің толық тізбесімен танысуға шақырады.

Активтерді сату «Мемлекеттік тізілім» сауда-саттық порталында https://e-qazyna.kz/ сілтемесі бойынша тізілімнің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне сәйкес («Ақпараттық есепке алу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен бекітілген №66 хаттама), сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланған күні қолданыста болатын редакцияда) бағаны көтеруге аукцион арқылы өткізілетін болады.

«PetroRetail» ЖШС Қазақстандағы мұнай өнімдері нарығындағы жетекші қатысушылардың бірі болып саналады және өз бизнесінің басқа бағыттарында дамуын жалғастыруда. Серіктестік өзінің клиенттері мен серіктестерінің барлығына жылдар бойы сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді және болашақта одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.