• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 11 Шілде, 2023

Жауапкершілік жүктейтін құжат

247 рет
көрсетілді

Онлайн-платформа туралы заң уақытылы қабылданып отыр. Қазіргі таңда Еуропаның көптеген елінде мұндай құжат қабылданған. Жарнамалық жағы реттелген. Осы заңды біраз бұрын қабылдауымыз қажет еді, бірақ «ештен – кеш жақсы».

Өйткені әлеуметтік же­лінің қарыштап дамуымен қа­тар, инфлюенсер, блогер секілді жаңа мамандықтар пайда болды. Олар жарнама арқылы пайда тауып отыр. Бірақ жеке кірісінен қазынаға салық төлемейді. Оған қоса, оқырмандарына анық-қанығы белгісіз көп ақпарат таратады да, ешқандай жауапкершілік жүктемейді. Кірісі журналис­терден әлдеқайда көп. Мы­салы, түрлі пост жазады, жарнамамен айналысады.

Жаңа заңға сәйкес, мұндай блогерлер жарнама жасаған кезде бұқаралық ақпарат құ­рал­­дарындағыдай арнайы бел­гі қоюға тиіс. Оның қан­дай болатыны министрлік әзір­лейтін нормативтік-құқық­тық актіде көрсетіледі.

Бұдан бөлек, онлайн-платформа арқылы алаяқтарға жем болып жатқан адамдар өте көп. Яғни танымал адамдарға жарнама жасату арқылы қарапайым тұрғындарды сан соқтырып кетеді. Сондықтан бұл мәселені реттейтін кез келді. Осы тұрғыдан алғанда да заңның қабылдануы өте маңызды.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекске, Әкімшілік ко­декс­ке заңдық тұрғыда жауапкер­шілігін қарауға байланыс­ты өзгерістер енгізілді. Бі­реу­ді қорқытып, үркітіп жазу, жал­ған ақпарат тарату мәсе­лелері де қаралады.

Онлайн-платформалардың басым бөлігі – шетелдік субъек­­­тілер. Олар ендігі жерде мін­­детті түрде Қазақстанда өкіл­­дігін ашуы қажет. Бұл ме­ке­ме еліміздегі уәкілетті орган­ға әр тоқсан сайын ақ­парат беріп отыруға тиіс. Кей­­де жалған ақпаратты өші­руге нұс­қаулық берілсе, оны орын­дауы керек. Яғни онлайн-плат­форма иелерінің мін­дет­темелері күшейтілді. Қыс­қасы, бұл заң қоғамға өте қажет.

 

Айгүл ҚАПБАРОВА,

Сенат депутаты