14 шілдеде Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөптің жанып кетті. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жанудың болжамды ауданы 800 га құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт «БГНПП» РММ аумағына өтті (Долба орманшылығы, 115, 117, 118 кварталдар) және сол жерде 20 га аумақты қамтыды.
ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарын ескере отырып, жануды оқшаулауға мүмкіндік туды.
«Жалпы алғанда, жануға қарсы күреске облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы қатысады», делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт анықталған жағдайда ол туралы шұғыл қызметтің нөмірі бойынша немесе жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлаңыз.