Түркияның Чанаккале провинциясында үлкен орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Желді ауа-райына байланысты өртпен күрес қиынға соғып жатыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өртті тоқтату бойынша әуе және жерүсті өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қызыл жалын Түркияның оңтүстігіндегі Милас-Бодрум халықаралық әуежайының жанындағы аумақты шарпыды. Өрт белгісіз себептермен Кайал ауылдары мен Мугла провинциясындағы әуежайдың жанындағы Кемикле арасындағы орманнан шыққан.