• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Шілде, 2023

Ертіс орманындағы өрт: жағдай бақылауға алынды

196 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өртке қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір жаңа күш келді, жағдайды толық бақылауға аламыз. Өрттің ошақтары контур бойынша сөндіріледі. Авиация таңертеңнен дайын тұр. Тікұшақ ірі өрт ошақтарын сөндіруге жұмылдырылады. Тікұшақ іркіліссіз жұмыс істеуі үшін облыс әкімінің шешімімен жанар-жағармай бекеті ұйымдастырылды. Сол арқылы уақыт үнемделеді, тиісінше тікұшақ суды молырақ шашады. Жалпы жағдай бақылауда», деді Сырым Шәріпханов.