• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2023

Шымкентте тұрмыстық техника дүкені отқа оранды

158 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы техника дүкенінде шатыр мен оған қоса берілген қойма толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сағат 15:24-те Төле би көшесіндегі екі қабатты тұрмыстық техника дүкенінде болған. «Өрт аумағы 650 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 16:45-те оқшауланды», делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына қалалық ТЖД 62 қызметкері мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Өрт 17:38-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығындар анықталып жатыр.