«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына талдау жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 шілдеде Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында ауа шектен тыс ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.