Татарстанның Кукмор ауданымен шектесетін Удмуртиядағы Ескі Аргабаш ауылында шошқаның африкалық обасын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Вятка жағалауының аңшылық-өндірістік учаскесінің аумағында жабайы қабаннан сынама алынып, зерттеу өткізілді. Нәтижесінде жабайы қабан шошқаның африкалық обасын жұқтырғаны расталды.
Алғашқы үш айда Татарстанда осы жұқпалы аурудың таралуын болдырмау мақсатында 1,5 мыңнан астам жабайы қабан атылды.