• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 19 Шілде, 2023

Алматыда 160 мың көшет отырғызылады

178 рет
көрсетілді

Алматы қаласында биыл 16 925 апатты ағаш кесу жоспарланған, жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам ағаш алынды. Бір ағаштың орнына 10 жасыл желек егіледі, яғни 160 мыңнан астам ағаш отырғызылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қала әкімдігінің жазуынша, апатты ағаштарды анықтайтын арнайы жасыл комисссияның құрамында экологтар, биологтар, экобелсенділер бар. Сондай-ақ ағаштардың апаттылығын анықтау мақсатында институттардың ғылыми қызметкерлері, қала тұрғындары тартылып, мұқият талдау жасалады.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта шаһар аумағында апатты ағаштарды кесуге 35-тен астам техника мен 180-нен астам адам жұмылдырылған. Жұмыстар жасыл желектерді күтіп ұстау талаптарын сақтай отырып жүргізіледі, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына жасыл желектерді кесудің басталғаны туралы алдын-ала хабарланады. Бұған дейін арнайы белгілер орнатылып, аумақтар қоршалады.