• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Шілде, 2023

Жасыл қорға – кешенді көзқарас

250 рет
көрсетілді

Жайқалған жасыл желек – Алматының ажары. Алайда шаһардағы 84 мыңнан аса ағаш апатты жағдайда тұр. Алатау баура­йында орналасқан ару қаланың ара-тұра тосын мінез танытып тұратын сұрапыл дауылы талай тал-теректі қопарып, адам өлімі тіркелген жағдайлар аз болған жоқ. Шаһардағы кейбір ағаштардың жасы – ғасырдан да ұзақ.

Кәрі ағаштарды кезең-кезеңі­мен кесіп, олардың орнын жас көшеттермен толтыру мақсатында бес жылдық бағдарлама қабыл­дан­ған. Өткен жылы 5 мың апатты­ ағаш кесіліп, оның орнына 50 мың­ көшет егіліпті. Жасыл экономи­ка­ басқармасындағылар апатты жағдайды болдырмас үшін бұл бағыттағы жұмыстарды жал­ғас­ты­ра бермек.

– Жоспар бойынша биыл 16 925 апатты ағаш кесіліп, оның­ орнына 160 мыңнан аса көшет егіледі. Кәрі және қураған ағаштар – зиян­кес­тердің ошағы. Егілген әрбір ағаш қаланың жасыл екпелерінің бірың­ғай тізіліміне енгізіледі. Қала­­лық жасыл кеңістік тізімі жүйесі негізінде ағаштардың түр­лері, түр құрамы, аумақ көлемі, жағ­дайы және орналасуы туралы дерек­тер үнемі жаңарып отырады. Кейінгі жылдары ағаштарға зиян келтіретін инвазициялық зиян­кестер белең алған. Осыған орай ағаштар мен бұталарды қорғау және жақсарту шаралары қабыл­данды. Көгалдарды зиянкес­тер­ден­ қорғау үшін биологиялық өнім­дер кешені және феромон тұзақ­та­рының биологиялық агенттері қол­данылып келеді. Жүргізілген жұмыс­тардың нәтижесінде жасыл желек­тердің зақымдану деңгейі 70-85%-дан 30-35%-ға дейін төмендеп, кей жерлерде орналасу аумағына байланысты аурудың ізі де қалмаған, – дейді Алматы қаласы эколо­гия және қоршаған орта бас­қар­масының бөлім басшысы Нұрлан Құттыбаев.

Ағаштың апаттылығын анық­тау­ға инсти­туттардың ғылыми қыз­мет­керлері, қала тұр­ғындары тар­тылып, мұқият талдау жасалады. Өйткені қураған ағаштар ғана апатты жағдайда емес. Ішкі өзегі зақымданған ағашты көзбен анық­тау тіптен қиын. Қазақ өсім­дік қорғау ҒЗИ декоративті өсім­дік­терді биологиялық қорғау бөлі­мінің меңгерушісі Нұржан Мұха­мадиевтің айтуынша, бұл үшін арнайы құрылғы бар. Оның көме­гі­мен сіз ағаштың діңін бұрғылап, шірік­тің бар-жоғын біле аласыз.

– Біздің қаладағы көптеген ағаш ескі, сон­дық­тан жасыл қорды үнемі жаңартып отыру қа­жет. Арнайы бұрғылаудан кейін біз ағаш­тан бак­те­рио­логиялық егіс алып, зерттеуден кейін қоры­тынды шыға­рамыз. Әр жылы шама­мен­ 200-300­ жасыл желекті тексереміз. Жыл сайын апат­ты ағаштар саны артып отырады. Олар­дың­­ орнын тол­тырып отыру маңызды, – дейді ғалым.

Қазіргі уақытта Алматы қала­сының аума­ғында апатты ағаш­тар­ды кесуге 35-тен аса техника мен 180 маман жұмылған. Жұ­мыс­­тар жасыл желектерді күтіп ұстау талаптарын сақтай отырып жүргізілмек. Жақын маңдағы үйлер­дің тұрғындарына жасыл желектерді кесудің басталғаны туралы алдын ала хабарланады. Оған дейін арнайы белгілер орнатылып, аумақтар қоршалады.