• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қаржы 21 Шілде, 2023

Отандық өнімге – 15 млрд теңге

235 рет
көрсетілді

Шілденің 24-нен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағ­дар­ламасы бо­йын­ша отандық кәсіп­орын­дардың өтініштерін қабылдауды бастайды.

Биыл «Қазақстанда жасалған» бағдар­лама­сын жүзеге асы­руға 15 млрд теңге бөлінді. KazAgroFinance bot-қа өтінім бергеннен кейін клиент 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды жинайды. Клиенттердің бұрын берілген өтінімдері бойынша құжаттарды ұсынбауына болады. Сондай-ақ өтінім беру кезінде қате деректерді енгізуіне байланысты бөлінген лимит шеңберінде 7 млрд теңге көлеміндегі қаражат игерілмей қалған.

Осыған байланысты, алдағы 24 шілдеден бас­тап «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің, құрас­тырудың ауыл шаруашылығы техника­сын лизингке қаржыландыруға өтінім­дерді қабылдауды бірнеше шартпен қайта бастайды.

Лизингке берілетін жабдықтар – отандық өндіріс­те, құрастырылған аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылық техникалары.

Несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін. Аванстық төлем – лизингке алынған актив құны­ның 15 пайызынан басталады. Кепілдік керек емес. Сондай-ақ, қаржыландыру лимиті 120 млн теңгеден және лизинг затының 2 бірлігінен аспайды.