• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Шілде, 2023

Қазақстан тұңғыш рет халықаралық ірімшік байқауына қатысады

281 рет
көрсетілді

Халықаралық ірімшік байқауында маңғыстаулық кәсіпкерлер тұңғыш рет Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің инстаграм желісіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында «Жеті лақ» фермасының негізін қалаушы Кобзевтер отбасы ешкі мен түйе сүтінен ірімшік өнімдерін шығарумен айналысады. Биыл олар Le Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысады. Ерекше атап өтерлігі, аталмыш халықаралық конкурсқа Қазақстаннан үміткерлер бұрын-соңды қатыспаған. 

«Жеті лақ» фермасы халықаралық ірімшік байқауында Қазақстанның өнімдерін таныстырады. Бұл қазақстандықтардың конкурс ұйымдастырушыларынан аккредитация алған алғашқы жағдай. 

2020 жылдан бастап жұмыс істейтін «Жеті лақ» фермасы пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады. Кобзевтер отбасы айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді. 10 га аумақты алып жатқан ферманың төрт гектары ешкі өсіруге арналса, қалған аумағында жем-шөп қоймасы мен сүт өңдеу цехы орналасқан. 

Француздық Le Mondial du fromage байқауы қыркүйек айының 10-12 күндері аралығында Тур қаласында өтеді.