• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2023

Алаяқ үптеген 769 млн теңге

257 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты тергеу жұмысын бастады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Chia Tai Pharmaceutical» компаниясы өзін инвестициялық ұйым деп жариялап, халыққа жоғары көлемде және тұрақты табыс береміз деп уәде таратқан. Бірақ жеке тұлғалардан алған ақшаны кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Қаржы пирамидасын ұйым­дас­ты­рушылар Батыс Қазақстан облысы тұрғындарынан 769 млн теңге жинап үлгерген екен.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған.

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті жақында ғана «World Money» ком­паниясының өкілдеріне де «қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды» деген айып тағып, сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.

Бұл компания халықты 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражат төлеп, соңынан WhatsApp және Telegram мессенджерлері басқа қатысушыларды тартуға шақырған екен. 2023 жылдың қаңтарынан бері бұл қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.

Қазір осы айтылған оқиғалар бойынша тергеу жалғасуда.