• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2010

БАБА МҰРАСЫ – БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА

531 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік сарайының “Қол­дан­балы өнер, этнография, архео­логия және антропология” гале­рея­сында “Баба мұрасы – бүгінгі ұр­паққа” атты көрме ашылды. Аталмыш көрмеге қазақтың ғұ­лама ғалымы Әлкей Марғұланның киген киімдері мен ұстаған зат­та­ры, ғылыми еңбектері мен қол­жаз­балары, өзі зерттеген құлпытас пен тас мүсіндерінің көшірмелері және археологиялық зерттеулері бары­сын­да табылған ежелгі құмыра­лар­дың түрлері қойылған. Мұндай құн­ды жәдігерлер мен мәні терең дүниелердің көрмеге қойылуына Астана қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің мұ­ражайы көп еңбек сіңірген екен. “Бұл көрмені ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі – бү­гінгі өскелең ұрпақты отансү­й­гіш­тікке тәрбиелеу, олардың бойын­да­ғы ұлттық құндылықтарды қалып­тас­тыру. Оқушылардың ұлт тари­хын­дағы аса көрнекті тұлғаға деген ой-өрістерін кеңейту, көрнекті ға­лымның еңбек жолымен таныстыру арқылы балаларды жігерлендіру” – дейді “Қолданбалы өнер, этно­гра­фия, археология және антропо­логия” галереясының меңгерушісі Тілеукеш Жаубасова. “Академик Ә.Х.Марғұлан – жан-жақты терең білім жинақтаған, қа­зақ халқының рухани мәдени мұ­расын зерттеуші” – деп Иманғали Тасмағамбетов айтқандай, қазақ халқының кемелденуіне Әлкей Мар­ғұланның қосқан үлесі мол. Ғы­лым әлеміне өзінің сіңірген адал ең­бегінің арқасында Ә.Марғұлан қазақты өзге халыққа танытты. Бір айта кететін нәрсе, бұл көр­менің екінші бөлігі мектеп оқу­шыларының шығармашы­лы­ғы­на арналған. Жүз жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясындағы “Халық­тық педагогика” атты мектеп мұ­ражайы тарихи-этнографиялық жә­дігерлерді, Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясындағы “Ба­лауса” клубының қолөнер шебер­лері өз жұмыстарын көрермендер назарына ұсынды. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық өнер университетінің жас жеткіншектері қазақтың ұлттық музыка аспаптарында өнер көрсе­тіп, көрменің ішін ерекше бір мерекелік көңіл-күйге бөледі. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.