Бұл туралы хабар БҚО Ақсай қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған. Ресейдің Смоленск облысында бейіттен сүйектер шығару жұмыстары барысында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 1902 жылы туған Урнасай Мирасовтың сүйегі анықталды. Қазақстанда туған жауынгердің жеке заттарын табыстау үшін туыстары іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылында дүниеге келген Урнасай Мирасов соғыс кезінде 516-атқыштар дивизиясының құрамында 716-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып қызмет еткен. Деректерге сәйкес, ол 1943 жылы 3-інші тамызда ЕГ 4864 госпиталінде аурудан қайтыс болған. Жұбайының есімі - Просковья Мирасова.
«Урнасай Мирасовтың жеке заттарын табыстау үшін туыстарын іздейміз», делінген әкімдіктің парақшасында.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (777) 696 51 41, 8 (777) 567 77 98 телефондарына хабарласыңыз.
Жауынгердің сүйегін «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы Ресейдің іздеу қозғалысымен бірге тапқан.