• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Шілде, 2023

Азия чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алғаш рет көш бастады

249 рет
көрсетілді

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Әлемнің 31 елінен 400-ге жуық татами шебері жиналған Азия чемпионатында Қазақстан намысын 19 спортшы қорғады.

Жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды. Нәтижесінде кумите бағдарламасында ерлер командалары арасында Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша үшінші орында Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола), екінші орында Жапония (3 алтын, 3 күміс, 2 қола), ал Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте көш бастады. 

Соңғы жаңалықтар