• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бизнес 24 Шілде, 2023

Қарағандылық кәсіпкер калифорния құртын табыс көзіне айналдырған

455 рет
көрсетілді

Қарағандылық кәсіпкер Нұрбек Оралов калифорния құртынан тынайтқыш шығарып, табыс табады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол сәуір айында ауласынан арнайы орын дайындап, құртты өндіріске жібереді. Одан алған биогумус егістік жердің құнарын арттырады. Калифорния құрттары шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады. Оған күнделікті төрт түліктің тезегін салып қорытады.

Осылайша 4 айдан кейін биотынайтқыш дайын болады екен.

Нұрбек Оралов қызыққан істің жай-жапсарын ютубтан қарап алады да, зерттеп, тереңіне бойлайды. Содан былтыр шілде айында екі қорабын алып, тәжірибе жинаған. Кейіннен Алматыда ашылған Казверм деген коперативке қабылданып, оқуын оқып сертификат алған.

Көн астында 16 жыл өмір сүретін калифорния шылаушыны тыңайтқыш өндіру процесін тоқтатпайды. Биогумуска айналған соң топырақ арнайы үккіштен өтеді екен. Былтыр 30 қап тыңайтқыш шығарған кәсіпкер өнімін сатып, жемісін көріпті. Ал биылғы жылы кәсібінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Нұрбек Ораловтың айтуынша, қазіргі селитра деген минералды тыңайытқыш - химиялық тыңайытқыш болғандықтан адам өміріне зиян. Ал мынау - табиғи таза тыңайтқыш.

Кәсіпкер осы ісінде мемлекеттен қолдауға ие болып, 2 пайыз жеңілдікпен несие алған. Оның үстіне биогумуска субсидия да беріле бастаған.

Калифорния құртынан дайындалған биотынайтқыштарды сатып алғандар бау-бақшалары мен егінжайларынан мол өнім алады.