Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова субұрқақтар мен белгісіз жерлерде шомылуға болмайтынын қатаң ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорданың бас санитар дәрігері энтеровирустың жылы судың бетінде көбейетінін қоса айтты.
«Жаз мезгілінде тек рұқсат етілген орындар мен бассейндерде суға шомылуға болатынын, басқа ешбір жағдайда субұрқақтарға түсуге болмайтынын үнемі қайталап айтамыз. Бірқатар вирустық инфекциялар, әсіресе энтеровирустар ашық су айдындары мен субұрқақтарда тез көбейеді. Белгіленбеген жерлерде шомылу кезінде бұл вирусты жұқтыру қаупі өте жоғары. Сонымен қатар басқа да вирустық инфекциялар, атит А сияқты инфекцияларды жұқтыру қаупі бар», деп түйіндеді спикер.