Алматыда мопедтердің қатысуымен 250 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тәжірибеде мотоцикл мен мопед иелері тікелей ағынды қондырғыны жиі қолданады, бұл азаматтардың тыныштығына әсер етеді. Әсіресе түнгі уақытта рұқсат етілмеген жарыстарды ұйымдастырады, маневр жасау және жылдамдықты шектеу ережелерін өрескел бұза отырып, топтық қозғалыстар жасайды. Бұл қала тұрғындары мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың шағымдарын тудырады. Сонымен қатар күн сайын дерлік мотокөліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының қайталанатын деректері тіркеледі», деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.
Жыл басынан бері мобильді көлік жүргізушілері 10 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзған. Жалпы айыппұл көлемі 70 миллион теңгеден асты.
Мопедтер мен мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: белгіленген жылдамдықты сақтамау, қарсы жолаққа шығу, қиылыстардан өту ережелерін бұзу, маневр жасау және басқа да бұзушылықтар.