• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Еңбек 25 Шілде, 2023

Қазақстанда 14,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

210 рет
көрсетілді

2023 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:

Бірінші санат - басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат, Екінші санат - құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат. Үшінші санат - мамандар үшін 6 598 рұқсат, Төртінші санат - білікті жұмысшылар 833 рұқсат, Маусымдық жұмыстарға тартылған жұмысшылар - 1 940 рұқсат, Корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 204 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 729  адам (25%), Өзбекстан – 1 967 адам (13%), Үндістан – 1 461 адам (10%), Түркия – 1 454 адам (10%).