Сенатор сапар барысында бірқатар стратегиялық маңызды нысанды аралады және өңірдегі проблемалық мәселелермен танысты.
Депутат сонымен қатар фермерлік шаруашылықтарда да болды және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жұмысымен танысты. Өңірде тамшылатып суару жүйесін пайдаланып жұмыс істейтін бау-бақша шаруашылықтарына ерекше мән беріліп отыр. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде мемлекеттен субсидия алған. Сенатор өз сөзінде шаруалардың күрделі мәселелерін шешуде заңнамалық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
* * *
Сенаторлар Көкшетау қаласының алдағы жылыту маусымына дайындығымен танысты.
Ақмола облысынан сайланған депутаттар Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісов Көкшетау қаласында болды. Сенаторлар қаладағы бірқатар нысанды аралады және жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
Парламентшілер алдағы жылу маусымына жабдықтар мен жылу желісінің дайындығы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жылу қазандықтарының жағдайынан хабардар болды. Сенаторлар Красный Яр ауылына барар жолда орналасқан оқу-тәрбие кешені құрылысының барысымен де танысты.
Депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп қолға алынған шаралар, оның ішінде энергетика саласын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді.
* * *
Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы бірқатар елді мекенді аралады.
Сенаторлар сапар барысында облыстың бірқатар стратегиялық маңызды нысандары мен фермерлік шаруашылықтарында болды. Парламентшілер аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және жастар ұйымдарының басшыларымен де кездесті. Тұрғындар кездесу барысында су арнасының құрылысы, өндіріс, ауыл шаруашылығы және өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Депутаттар өз кезегінде көтерілген мәселелер бақылауда болатынын және тиісті органдардың назарына ұсынылатынын жеткізді.
* * *
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов өңірге сапары аясында Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан жылыжай кешені жұмысымен танысты.
Депутат осында өсетін өнімді өсіру мен сақтаудың, жылыжайды дамыту саласындағы жаңа технологияны пайдалану барысымен танысты.
Кездесу кезінде отандық жылыжай шаруашылығын одан әрі өркендетудің проблемалық мәселелері мен келешегі талқыланды. Осы саланы мемлекеттік қолдау саласы да қызу талқыланған тақырыптардың бірі болды.
Сенатор бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор депутаттық корпуспен бірлесіп, мемлекеттік қолдау тетіктерін пысықтап жатқанын атап өтті.
«Сенат Үкіметпен бірлесе отырып, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастыра береді және ынтымақтастықтың жаңа нысандарын әзірлейтін болады», деп атап өтті сенатор.
Депутат кездесу соңында Парламент Сенатының елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған заң шығару жұмысы туралы айтып берді.