Бүгін Екібастұз қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жарылыс болып, соңынан өртке ұласқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнында ер адамның денесі табылды. Ақпаратты Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады.
Хабарланғандай, сағат 15:22-де жарылған цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылды. 2006 жылы туған оператор қайтыс болды.
Бұған дейін қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 4 цистерна өртенгенін хабарлаған едік. Қызыл жалын жақын маңдағы дүкенді шарпыған.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.