• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Денсаулық 26 Шілде, 2023

Күн сәулесі адам терісіне теріс әсер етеді - ғалымдар

693 рет
көрсетілді

Биоинженерлердің зерттеу жұмыстарына зер салсақ, тым көп ультракүлгін сәулесінің әсерінен жасушалардың жойылу ықтималдылығы жоғары.

Бингемтон университетінің зерттеушілері жүргізген зерттеу нәтижелері ультрадыбыстық сәулелену адам терісін өзгерте алатынын көрсетті. Дәлірек айтқанда, ультрадыбыстық сәулелену адам терісі мен сіңірлеріне, шеміршектеріне және сүйектерді байланыстыратын талшықты ақуызға теріс әсер етіп, залал келтіреді.

«Біз «күнге шықпаңыз» деп үрей тудырғымыз келмейді. Бірақ ультракүлгін сәулеленудің ұзақ уақыт әсер етуі теріңіздің қатаюына әкеп соғады, сонымен қатар канцерогендік мәселелердің жоғары қаупіне де әкелуі мүмкін», деп пікір білдірді университтің биомедициналық инженерия кафедрасының доценті Гай Герман.

Бингемтон командасы ультракүлгін сәулеленудің әртүрлі деңгейлеріне дейінгі және кейінгі тері үлгілерін толық қалыңдығымен салыстырды. Зерттеушілер тері ультракүлгін сәулесін көбірек сіңірген сайын ондағы коллаген талшықтары бір-біріне тығыз орналасатынын анықтады, бұл тері тіндердің қаттылығының жоғарылауына әкеледі.

Бұл ретте ғалымдар жүрек пен тері жасушаларының зақымданумен күресуі арасындағы ұқсастықтарды байқады, алайда олардың функциялары әртүрлі. Адам ағзасына зақым келген кезде, кез-келген ұлпада осындай табиғи реакция болады. Біріншіден, қандай да бір зақым бар жерде жараның орнын өтеу керек. Сол секілді инфаркт болған кезде жүректе де солай болады. Кейде, дененің реакциясы сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін, бірақ бұл кейінірек денсаулығыңызда басқа да ахуалдарды туғызуы мүмкін.

Дене терісі – ағзаның ең үлкен мүшесі, микробтардан және басқа сыртқы факторлардан қорғаныш қабаты. Сондықтан оны қорғау және нығайту аса маңызды. Терінің қалыпты жұмысының кез келген бұзылуы адамның күнделікті өміріне қауіп төндіреді.

 

Карима ЖҰМАҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті