• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Шілде, 2023

Қостанай облысында есірткі таратқан 11 адам ұсталды

246 рет
көрсетілді

Қостанай облысының полицейлері 58 келіден асатын марихуана есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, облыс аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстады.

«Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Оны тарату үшін шағын орама жасап отырған.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов. 

Сонымен қатар ол ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.