• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Шілде, 2023

200 теңгелік банкноталармен сауда жасауға бола ма?

283 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банкі 200 теңгелік банкноталарды қабылдаудан бас тарту туралы халықтан келіп түскен өтініштерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкноталардың заңды түрде төлем құралы саналатынын еске салды. Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.

«Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді», делінген хабарлмада. 

Бұған қоса, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтті.

«Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып,  200 теңгелік монеталармен ауыстырылады. Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады», деп түсіндірді Ұлттық банк баспасөз қызметі.