• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Шілде, 2023

«Азаматтарға арналған үкімет филиалының директоры ұсталды

239 рет
көрсетілді

Кеше, 27 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», деп қосты ҰҚК өкілдері.