• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Шілде, 2023

Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды

499 рет
көрсетілді

Қазақстанда заңсыз жүрген Нигерия мен Бразилия азаматтары анықталды. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Нигерияның 12 азаматы ел аумағында тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген, деп жазады Egemen.kz.

Polisia.kz жазуынша, бір аптада басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.