• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2010

ОТАНСҮЙГІШТІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

548 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Екі­бас­тұзда басталған рес­публкалық ІІІ Пат­риоттар форумы кеше, ҚР Мемлекеттік рәміздер күнінде облыс ор­талығында жалғасты. “Бірлігіміз жа­расқан!” атты республикалық жас­тар форумына еліміздің әр облы­сынан топ-топ болып, жүздері жарқын алау жастық көңілмен мыңға тарта студент жастар келді. Еліміздің егемендігі мен ел­ді­гін паш ететін мемлекеттік рәміз­де­рімізді ардақтайтын отансүйгіш жастар шеруі Ертіс өзені жаға­лауынан басталды. Көк байрақ туды көтеріп, патриот жас­тар облыс орталығында “Даңқ” алаңына келіп, батырлар рухына тағзым етті. Ұлттық рәміздер еліміздің өткені және болашағы арасындағы сабақтастықты білдіреді. Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығын, даналығын айшықтайтын еліміздің жаңа тарихының қастерлі беттері деуге болады. Ендеше, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуде оның мән-мағынасын түсіндіруіміз керек. Форумның да көздеген мақсаты осы, дейді Қазақстан Жастар кон­гресінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов. “Бір­лігіміз жарасқан!” форумы аясында жастар шеруі ұйым­дастырылды. Мақсаты – әрбір жастың бойында өзінің Отанына деген, өзі елінің рәміздеріне деген құрмет сезімін ояту. Иә, Отанның өзі осы желбіреген Көк Тудан, Елтаңбадан, Әнұраннан басталады. Бүгін олар­дың жүздерінде ерекше бір толқу бар. Бір мезетте бүкіл еліміздің жастары орындаған Әнұран біздің облыс орта­лығында да шырқалды. “Менің елім, менің Қазақ­станым!” деген сөздер туған жерге деген сүйіспен­шілікті асқақтатып, болашаққа деген сенімділікке шақырады. Отанға деген шексіз құрметті бір-ақ сөзге сыйғызып тұр. “Мен бірлігі жарасқан елдің ұланымын!” деген жастар шеруі “Даңқ” алаңына келіп жетті. Осы жерде Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев сөз сөйледі: “Біздің бабаларымыз жеңіс алып келді. Біз тарихқа бас иеміз. Еліміз жасасын, жастар осы жолды жалғас­тырсын!” – деді ауған соғысының ардагері. Бұл күндері еліміздің Көк байрағы басқа да тәуелсіз мемлекеттердің туларымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде желбіреп тұр. Олимпиада кезінде еліміздің спортшылары же­ңістің құрметіне көтеріледі. Елтаңбамыз ұлттық тең­гемізде бейнелеген. Мемлекеттік рәміздер ғарыш­кер­лермен бірге көк жүзінде, ғарышта да болып қайтты. Міне, осындай құндылықтарды жастар білулері үшін жыл сайын рәміздер күні аталып өтіледі. Жігерлі жастардың мерекелік шеруі еліміздің құныдылық­­тарын қастерлеп, мәртебесін асқақтатып, жастарды бір жерге топтастырды Бәрі де осы бір күннің шынайы мәнін ұғып, қолдарына ұстаған Көк Туларын жел­біретіп, әсем жағалауды нағыз патриоттар мерекесіне айналдырды. Шеруге қатысқан жастар Рәміздер күні бірліктің, татулықтың, достықтың мекені – елімізге арнап әндер шырқады. Сонымен қатар, “Көк байрақ туымыз”, “Мәңгілік Елтаңба”, “Қасиетті Әнұран” деп аталған шеру бағытымен мемлекеттің елдік, егемендік ұлық белгілерін көтеріп, облыс орталығының көше­лерін аралап жүріп, “Астана” мұз айдыны сарайына келді. Осы жерде “Қазақстан патриотта­ры­ның форумына” қатысушылар – олар­дың арасында жастар, студенттер, білімді сайыскер жеңімпаздар, спортшылар бар, “Біргеміз – берік іргеміз” деп өздерінің 2007 жылдан бастап аталып келе жатқан еліміздің Рәміздер күнін құрметтеп, оған бас иетіндерін жеткізді. Жүздері бал-бұл жанған жастар, “Жас Отан” жастар қа­натының мүшелері кеуделеріне қолдарын қойып, Көк Тудың қасына келіп тұрды. “Біз – жас патриоттар еліміздің Көк Ту­ын әрқашан берік қолда мықты ұ­с­­таймыз, Отан – біреу, жастар әрқашан се­німен бірге”, десті олар. Екінші қатарға сах­на төріне спортшылар Елена Хруста­лева, Мұхтархан Ділдәбеков, ауған соғысының арда­гері Бақытжан Ертаев, жерлесіміз, бейбіт күні ерлік көрсеткен, шені капитан жерлесіміз Қадіржан Қазы­баев, атақты әнші Роза Рымбаева шақырылды. Әнші: “Отанын сүйетін осындай патриоттары бар ел бақыт­ты”, – деді. Ра­сында да, бірі әсем әндерімен, бірі спорттағы жеңі­сімен елдің туын, рухын биік көтерген, енді бірі ота­нын қорғап батыр атанған патриотттар, міне, осылай жастарға үлгі-өнеге болуда. Үшінші қатарға жақында ғана Жеңіс мерекесін атап өткен соғыс ардагерлері келіп қосылды. Үш ұрпақ өкілдері осылай тоғысты. Барлығына да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы” кітабы сыйға тартылды. Рәміздер күні құрметіне шығарылған арнайы құрметті белгілермен марапатталды. Біз осы жерде Солтүстік Қазақстан облысынан кел­ген Динара Берікқызымен пікірлестік. Ол: “Жүрегі жерім, елім деп соққан әрбір патриот жас үшін бұл күн ерекше күн деп ойлаймын. Осындай мереке күнінің болғаны керек, рәміздердің қандай қасиеті барын әрбір жас ұғынып, оны қадірлеп өсуі тиіс, патриоттық деген жай ғана сөз емес, өзің өмір сүрген ел үшін қызмет жасау, керек кезінде Бақытжан аға­лардай күресе де білу”, – деді. Керекулік жігіт Ерке­бұ­лан Алдабергенов болса: “Мен өзімді елімнің шы­найы патриотымын деп санаймын. Өзбекстаннан кө­шіп келдік, әрине, қазағым, елім, жерім деп келдік, ен­ді осы елдің бірлігі, болашағы үшін қызмет жа­сай­мын, мына жастар ана тілдерін сүйсін, құрметтесін, барлығы сол тілді сүюден басталады ғой”, – деді. Кең экраннан еліміз тұрғындарының бірлігін ай­қындайтын көріністер көрсетілді. Еліміздің әр об­лы­сымен тікелей байланысқа шыққан жүргізушілер ар­қы­лы Петропавл-Шымкент, Атырау, Өскемен қала­ларында өтіп жатқан форум мақсатына сай сол жер­лерде тұратын елін, жерін сүйгіш ел патриот­тарының жүрекжарды лебіздері жастарға арналып жатты. Ал жастар үшін Алматыдан келген өздерінің сүйікті орындаушылары “Музарт” тобы мен “Домино” үлкен сыйлық болды. Ел мен жерге деген патриоттық тақырыпта әндер орындаған өнерлі топтар Рәміздер күні мерекесінің сәнін де мәнін де аша түсті. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.