• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Шілде, 2023

Ел қоржынына алғашқы медаль - қола жүлде түсті

232 рет
көрсетілді

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел қоржынына алғашқы медаль түсті, дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балуандардың белдесулерінде мажар, түрікмен, әзербайжандық дзюдошыларды тізе бүктірген, оларға қоса, қола жүлде үшін болған кездесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты жеңген Сұңғат Жұбатқанның кеудесіне қола медаль тағылды.

28 шілде күні басталып, 8 тамызға дейін созылатын аталмыш универсиадада 90 қазақстандық студент спорттың түрлі салалары бойынша бақ сынасады.