ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника тасымалдау жайындағы әлеуметтік желілердегі қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады», делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Соған қоса, Қорғаныс министрлігі былтырғы жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске сала келе, азаматтардан негізсіз материалдарға емес, ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрап отыр.