• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2023

Балалардың жаппай улануы: тағы екі бала ауруханаға түсті

423 рет
көрсетілді

Бүгін, 1 тамызда Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы екі бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Zakon.kz сайты хабарлағандай, шамамен 14:30-да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тағы екі бала түсті. Бұл ақпаратты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева растады.

Еске сала кетсек, Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны жөнінде ақпарат тарады. Облыс әкімдігінің өкілдері 30 шілдеде орталықтағы екі баланың іші өтіп, өздерін нашар сезінгенін айтты. Ертесіне, яғни 31 шілдеде аталмыш мекеменің тағы 10 баласы дәл сондай белгілермен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, бір бала ауруханада көз жұмды.

Осы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағандыға барды.

Айта кетсек, Бас прокуратура осы іске қатысты ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын алға тартты.