• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 01 Тамыз, 2023

Доллар бағамы төмендеді

233 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 445,04 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 тамыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 446,07 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,29 теңгеден сатып алынып, 447,32 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 445,45 теңге, сату – 447,50 теңге.