Қарағандыда болған оқыс оқиғаға байланысты облысқа Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният барды. Қазір бұл жағдайға байланысты шұғыл брифинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз кеше де, бүгін де қайтыс болған баланың жақындарына көңіл айтып жатырмыз, жағдайларын бақылап қайттық. Менің тапсырмаммен және отбасының өздерінің сұрауы бойынша Облыс әкімдігінің тарапынан қайтыс болған баланың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл көмек баланың мәйітін тасымалдауға байланысты. Баланың әкесі – жұмыс істейді, ал анасы – жұмыссыз. Үйде тағы екі баласы бар», деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.
Қасымхан ҒАЛЫМ,
Қарағанды облысы