Синоптиктер сәрсенбіге, 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Республикамыз бойынша жел күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер Алматы облысында күндіз +40+...42°С дейін өте қатты ыстық болатынын болжады; Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз +35...+40°с дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.Болжамға сәйкес, жоғары өрт қаупі келесі өңірлерде тіркеліп отыр:
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде; төтенше өрт қаупі – Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, Қостанай, Ақтөбе өңірлерінің оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында.