Сивас Шукур Гюнай Ақкент маңындағы құрылыс алаңында электрик болып жұмыс істейді. Ол өрт түтінін көрген мезетте өзгелер сияқты жұмысын тастай салып, 16-қабатты үй жаққа жүгірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сивас Шукур Гюнай үш баласын түтінге оранған үйден шығара алмай тұрған әйелді байқағанын айтты.
«Олар көк түтінге тұншығып, тыныс ала алмай тұрды. Әйелдің қолында 2 айлық шақалақ болды. Мен кранның 16-шы қабатқа көтеріле алмайтынын білдім. Баспалдақпен көтеріліп құтқару қауіпті екенін түсініп тұрдым. Сол себепті бірден шынжырмен көтеріліп, үш баланы жерге түсірдім. Достарыма алғыс айтамын, олар да қарап қалмай, көмек қолын созды. Мен балаларды көргенде ойланып тұруға уақытым болмады. Өзімнің екі қызым бар. Сол себепті бірден тәуекелге бел буып, алдыға қарай жүгірдім», деді Түркия азаматы.