Метеорологтардың мәліметінше, алдағы тәуліктерде ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.
«Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды», делінген хабарламада.